Бұл теңізде ескегі жоқ қайықтың – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Бұл теңізде ескегі жоқ қайықтың» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.01.2023
  • 0
  • 0
  • 805
Бұл теңізде ескегі жоқ қайықтың,
Қайықшы өлген байламы ірі, байыпты.
Кәрі маяк, капитансыз кемелер,
Тозған порттар, ескі бағыт, көне жол.
Адасқандар, күдік, күмән, қорқулар,
Қақпақылдап ойнайтын тек толқындар.
Жолаушылар сапарынан кешіккен,
Қарақшылар өздеріне өшіккен.
Саудасы жоқ саудагерлер қаптаған,
Балшараптар ғасыр бойы сақтаған.
Титаниктің қазылмаған қаңқасы,
Өшкіндеген Колумбтың картасы.
Шарапхана, құмархана, ханалар...
Құмай көздер, сылқым қыздар тәні адал.
Бұл теңізде ештеңе жоқ, жоқ бұлар,
Жағалауы жүдеу, алды көк мұнар.
Ескегі жоқ қайықтардың білері,
Жағалауға мүрде тасып жүреді.
Кемелерде керілмеген желкені,
Басталмаған сапарлардың ертеңі.
Бұл теңізде ескегі жоқ қайықтың!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл теңізде ескегі жоқ қайықтың өлеңінің авторы кім?

Ерлан Аманқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Бұл теңізде ескегі жоқ қайықтың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұл теңізде ескегі жоқ қайықтың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Аманқожаұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұл теңізде ескегі жоқ қайықтың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері