Тыңдамай ми менен жүректі – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Тыңдамай ми менен жүректі» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1278
Тыңдамай ми менен жүректі,
Бағынса нәпсі мен ақшаға,
Қалайша түреді түнекті,
Жегі құрт түспей ме бақшаға?!

Үстіне тұратын үйінің
Алтын мен күмісті жапса да,
Жүректе болмаса мейірім,
Адамды өмірде жоқ сана.

Жүрсе де қи жинап қорада,
Шалжиып мамықта жатса да,
Сәулесі болмаса санада,
Есалаң жалшы да, патша да.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тыңдамай ми менен жүректі өлеңінің авторы кім?

Ақылбек Шаяхмет — осы өлеңнің авторы.

Тыңдамай ми менен жүректі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тыңдамай ми менен жүректі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақылбек Шаяхмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тыңдамай ми менен жүректі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері