Мойында, ақын, мойында

Бұл бетте «Мойында, ақын, мойында» атты Ақылбек Шаяхмет жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1614
Мойында, ақын, мойында,
Берілме, бірақ, уайымға.
Қас-қағым сәттей өмірде
Уақытың кетті ойынға.

Жастық шақ құшақ жайғанда,
Белсеніп кіріп майданға,
Мас болып қызық дәуренге,
Уақытың кетті сайранға.

Қосылған кезде санатқа,
Зымырап өтіп әр апта,
Ас ішіп, аяқ босатып,
Уақытың кетті қонаққа.

Ұнаймын дедің баршаға,
Ақылың өсіп-толса да,
Бағаңды білмес наданға
Уақытың кетті қаншама.

Күлдіріп, кейде жылатып,
Кетті ғой есіл уақыт.
Отырмын соған өкініп,
Өзімді өзім жұбатып…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мойында, ақын, мойында өлеңінің авторы кім?

Ақылбек Шаяхмет — осы өлеңнің авторы.

Мойында, ақын, мойында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мойында, ақын, мойында өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мойында, ақын, мойында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері