Шафық ағаның айтқаны – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Шафық ағаның айтқаны» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.11.2021
  • 0
  • 0
  • 882
Ойымды осынау құпташы,
Үш жүзге бөлу – жұт басы.
Тірлікті қандай шексек те,
Бірлікте өмір тұтқасы.
Ордалы жаумен қағыспа,
Опасыз достан алыста.
Сүйеніп өт қашанда
Ар­ождан, бойда намысқа.
Есті адам сырттан сыйлайды,
Ақымақ жел сөз жинайды.
Өкпеге қиса ескі дос,
Өлімге сені қимайды.
Аспан, көк, биік ғарышта,
Жердегі қырғын жарыста,
Кез болсаң да қай дауға,
Бет жыртуға барыспа.
Жылы сөз асыл жетегі,
Өмірде септік етеді.
Қыршыңқы қылық өкінтер,
Түбіңе ақыр жетеді.
Айтарым осы безектеп,
Ақыл­ой тұрсын кезектеп.
Қасықтап жиған абырой
Төгілмесін шелектеп.

1996


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шафық ағаның айтқаны өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Шафық ағаның айтқаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шафық ағаның айтқаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шафық ағаның айтқаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері