Айқайлап құттықтаймын, туған жер! – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Айқайлап құттықтаймын, туған жер!» атты Кәкімбек Салықов жазған туған жер туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Ай менен Күн төгілткендей нұрдан сел,
Үздік табыс құтты болсын, туған жер!
Алты миллион тонна астық алғанда,
Шыққан екен талай жылғы буған тер.
Барша қазақ қуанады бұған, ел,
Салтанатқа маңдайыңды бұра бер.
Елестейді алты Алаштың тойында
Бәйге өрінде дара келген Құлагер.
Сегіз сері ақ батасын бергендей,
Сәбит, Ғабит алақайлап ергендей.
Мағжан ағам аунап түсер ұйқыдан,
Батыр Баян сүйінші сұрап келгендей.
Құттықтайды Солтүстікті Астана,
Қолпаштайды аймақтарым басқа да.
Орала берсін үйірімен үш тоғыз,
Көп жеңіске болсын құтты бастама.
Құттықтайды Көкшетау мен Қостанай,
Қанаттастар шыдамайды қостамай.
Елбасын да бөледіңдер шаттыққа,
Сенім артса аузынан бір тастамай.
Ыстық шілде шырай бұзып қанша күн,
Қинаса да басты серттен тартпадың.
Құдай беріп, сүмбіледе шөл қанып,
Озық шығып, ел сенімін ақтадың.
Алтын өлке, жеңіс болып жолдасың,
Құт­береке ел сүйсінген орнасын!
Сайыстарда тап осылай жеңе бер,
Абылай ханның аруағы қолдасын!

14.10.2009.
Астана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айқайлап құттықтаймын, туған жер! өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Айқайлап құттықтаймын, туған жер! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айқайлап құттықтаймын, туған жер! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма туған жер туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Айқайлап құттықтаймын, туған жер! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері