Өтер де кетер сұм жалған

Бұл бетте «Өтер де кетер сұм жалған» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1131
Өтер де кетер сұм жалған,
Басыңда мәңгі тұрмайды.
Көз жасы ішке бір тамған
Тұла бойды улайды.
Етпеймін ешбір жалыныш,
Тәлкекке салып өткенді.
Тарамыс біздің жанымыз,
Қым­қуыт өмір өткерді.
Аңсатып әр таң арайын,
Тұлданып аштың буған зар.
Біз боламыз, ағайын,
Отыз екінші жылы туғандар.
Азабын шеккен азаптың,
Анамның есте зарлы үні.
Екі миллион өлген қазақтың
Біз боламыз қалдығы.
Мың сөніп, мың жанып ем,
Жалын боп өрге жетермін.
Көз жасына қанып ем,
Жыламай үнсіз өтермін.

15.08.2009.
Астана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өтер де кетер сұм жалған өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Өтер де кетер сұм жалған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өтер де кетер сұм жалған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өтер де кетер сұм жалған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері