Ауылдың кешін сағындым – Меңдігүл Темірғалиева

Бұл бетте «Ауылдың кешін сағындым» атты Меңдігүл Темірғалиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ауылым алтын бесік, қара орманым,
Куәсі бал дәуреннің , ақ арманның.
Ауылым- иран бағым, жер жәннәтім,
Перзенттік парызым деп ән арнадым!
Әкемнің иісі бар шалғыныңда,
Самалың –алақаны жан анамның!!

ҚАЙЫРМАСЫ:
Аңқыған жұпар ауаң, көңілді, шалқыған ән,
Ауылдың кешін , ауылдың кешін,
Жыр тұнған кешін сағындым!
Ауылдың кешін , ауылдың кешін,
Сыр тұнған кешін сағындым!

Алаулап ұясына қонар күні,
Жұлдызы жымыңдаған мақпал түні.
Жамырап төрт түлігі көгенінде,
Естілер тіршіліктің көңілді үні.
Бұрқырап қара қазан, отта ойнап,
Шұбалған көкке өрлеп от түтіні.

ҚАЙЫРМАСЫ:
Атамдай кең пейілі, Әжемдей мол мейірі,
Ауылдың кешін , ауылдың кешін,
Жыр тұнған кешін сағындым!
Ауылдың кешін , ауылдың кешін,
Сыр тұнған кешін сағындым!

Алтын ай төңкерілген, күмбезді аспан,
Сырлы түн, сыршыл жүрек қол ұстасқан.
Махаббат мекені ғой, ауыл кеші,
Боз бала бойжеткенге сырын ашқан...
Жүректен ұмытылмастай орын алған,
Ғажап қой, ауыл кеші, мәңгі дастан!

ҚАЙЫРМАСЫ:
Ұйыған құт-береке, әр кеші жыр мереке,
Ауылдың кешін , ауылдың кешін,
Жыр тұнған кешін сағындым!
Ауылдың кешін , ауылдың кешін,
Сыр тұнған кешін сағындым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауылдың кешін сағындым өлеңінің авторы кім?

Меңдігүл Темірғалиева — осы өлеңнің авторы.

Ауылдың кешін сағындым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауылдың кешін сағындым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Меңдігүл Темірғалиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауылдың кешін сағындым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар