Ей, қазақтың ұрпағы!
Ей, қазақтың ұрпағы, не дейін саған?!
Не дейін саған, бабасын тани алмаған?!
Мәңгүрт боп, азып,көзіңді шел қаптады ма,
Телефоннан басқаны алмай ма санаң?!
Қазақша өлеңдер жинағы, өлең шумақтары, әдемі өлең жолдары және толық өлең мәтіндері.
Ей, қазақтың ұрпағы, не дейін саған?!
Не дейін саған, бабасын тани алмаған?!
Мәңгүрт боп, азып,көзіңді шел қаптады ма,
Телефоннан басқаны алмай ма санаң?!
Бауырларым, менің жан бауырларым,
Бір ошақта, бірге өскен, бір ұяда.
Бөлек өмір, бөлекше тағдырларың,
Бөлек ғұмыр кешеміз әр қияда.
Өмір, өмір... пианино секілді..
Ақ пен қара алмасып кіл жататын.
Қуанғанда көңіл шат боп, ағарып,
Қайғырғанда қара жолақ басасың...
Өрбіген талай нәресте,
Ақ бесік-құтты мекен-ді.
Бүгінде болды тастанды,
Ей, адам, бұның бекер-ді!
Ей, адамдар!
Асықпайық, кіналауға бірімізді-біріміз,
Бәрімізде періште емес, жаратқанның құлымыз.
Ең әуелі, біз өзіміз кішіпейіл болайық,
Бұлыңғыр кейде болса да кеше, бүгін күн,
Сейілмей сірә тұрса да күпті күдігім.
«Үмітсіз-шайтан» ... талмаймын үміт етуден,
Алдама мені, үзіле көрме, ҮМІТІМ!
Шаншыма жүрек... өтінем сенен, шаншыма,
Шаршатты ма сені беймаза өмір жаншылап?
Шырмауы көп тағдыр бақытын бәлкім бұйыртар,
Шаншыма жүрек, көргейсің енді сәл шыдап...
Біздер-гүлміз,
Туған жердің төсінде ырғала өскен.
Біздер –нұрмыз,
Шаңыраққа шаттық боп шуақ төккен.
Ауылым алтын бесік, қара орманым,
Куәсі бал дәуреннің , ақ арманның.
Ауылым- иран бағым, жер жәннәтім,
Перзенттік парызым деп ән арнадым!
Өмір жайлы өлең жазып толғанамын бүгін мен,
Өмір-кітап, әр параққа талай рет үңілгем!
Өлермен боп құлап -тұрып, талай қайта сүрінгем,
Өзегімді тілсең де дағы, Өмір, сенен түңілмен!
Бүр жарып әсем, келеді көктеп бір шыбық,
Келеді өсіп, тамшыдай ғана тіршілік!
Қауызын ашып, жұпарын шашып қызғалдақ,
Ұмтылып келед(і) өмірге мынау құлшынып!
Сананы тұрмыс билеген мынау заманда
Мейірім мен кеңдік қат болған кезде адамға.
Парасат, пайым төмендеп , мүлде азайып,
Ар менен намыс тапталған сәтте табанда,
Бұл бөлімде қазақша өлеңдер, өлең шумақтары, әдемі өлең жолдары, мағыналы өлеңдер және толық өлең мәтіндері жинақталған.
Өлең шумақтары, қысқа өлеңдер, әсерлі өлең жолдары және жаттауға ыңғайлы шығармаларды осы бөлімнен таба аласыз.
Қысқа өлең іздейтіндер үшін 1 шумақ өлең, 2 шумақ өлең, 3 шумақ өлең форматындағы шығармалар да ұсынылған.
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі