ӨМІР СЕНІ ЖЫРЛАУ ҮШІН КЕЛГЕНМІН!
Бұл бетте «ӨМІР СЕНІ ЖЫРЛАУ ҮШІН КЕЛГЕНМІН!» атты Меңдігүл Темірғалиева жазған өмір туралы өлең берілген.
-
mendi
- 16.09.2018
- 0
- 0
- 4222
Өмір жайлы өлең жазып толғанамын бүгін мен,
Өмір-кітап, әр параққа талай рет үңілгем!
Өлермен боп құлап -тұрып, талай қайта сүрінгем,
Өзегімді тілсең де дағы, Өмір, сенен түңілмен!
Қуанамын, әппақ таңды аман-есен көргенге,
Қуанамын, түн төсектен төрт көз түгел өргенге!
Қуанамын,айналама адал жандар келгенде,
Қуанамын шүкір айтып, Алла шабыт бергенде!
Өрге шықтым, еңіс бастым, кейде жолсыз сенделдім,
Өткені-мұң, келері-күн, жұмыр басты пендемін!
Өлеңімді серік етіп,жан-жарамды емдедім,
Өйткені ӨМІР, мен өзіңді жырлау үшін келгенмін!!!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі