Әйел – өмір бұлағы
- 0
- 0
Әйел – өмір бұлағы,
Әйел – өмір шуағы.
Әйел деген қызғаныш,
Қызғаныштан тұрады.
Бұл бетте «Өмір. Адам. Жалған» атты Меңдігүл Темірғалиева жазған өмір туралы өлең берілген.
Әйел – өмір бұлағы,
Әйел – өмір шуағы.
Әйел деген қызғаныш,
Қызғаныштан тұрады.
Әйелден асқан ғалым жоқ,
Әйелдей маржан, жақұт жоқ.
Әйелден асқан залым жоқ,
Әйелден асқан бақыт жоқ.
Сағынумен күн жатты,
Әйел – сұлу сымбатты.
Сағынумен түн батты,
Әйел – арман қымбатты.
Бәйгелерде дес бермей,
Оза шауып, төске озған.
Бар қуатын ескермей,
Көкке қолын кеш созған.
Ойлар да көктен самсайсың,
Бостандық тілеп аңсайсың.
Шаршатады бұл өмір,
Әйеліңнен де шаршайсың.
Әйелдерде уақыт жоқ,
Еркектерде уақыт көп.
Еркектерде бақыт жоқ,
Әйелдерде бақыт көп.
Элаухат
Бұндай,дәлдікті, шындықты, женкізе бергеніңізге, алла риза болсын.