Өлең, жыр, ақындар

Сағынумен күн жатты

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 761
Сағынумен күн жатты,
Әйел – сұлу сымбатты.
Сағынумен түн батты,
Әйел – арман қымбатты.
Талғампаз жүрек талғамай,
Әйелдей ерді күтер ме?!
Әйелге ерлік арнамай,
Ерлердің ісі бітер ме?!
Ақ түскенше шашыңа,
Шығатын түсіп жолыңа.
Әйел – бақыт басы да,
Аяқталар соңы да.
Жағатын сезім шырпысы,
Ғашық иірім сәлеммен.
Әйелдің әрбір күлкісі,
Қымбат мынау әлемнен.
Қиылып көзді қадаса,
Жүрекке садақ шаншылар.
Бұрылып саған қараса,
Бойыңнан бұлақ тамшылар.
Әйел –өмір өлшемі,
Бағалай алар тірлікті.
Бақыттың жарты бөлшегі,
Қалайтын ермен бірлікті.
Әйелдерге әр еркек,
Таңдай алса бас тұлғаң.
Әйел үшін бар еркек –
Басын тау мен тасқа ұрған.
Тіршіліктің қымбаты,
Әйел боп сұлу шықты елес.
Әйел ғой өмір сымбаты,
Әйелсіз өмір түк те емес.
Жеңу де қиын ғасырды
Ғасырды жеңген жеңісім:
Әйелге ием басымды,
Әйелді сүйем сол үшін...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шығыс аңызы

  • 0
  • 0

Зұлымдықпен үшеуі әділетсіз күштеді,
Өлмес үшін қабірге қарсы келмей түс деді.
Бізге керек тісі деп көрде жатқан өліктің,
Үңірейіп ажалдың алты көзі төніп тұр.

Толық

Өмір жолы алда тұр

  • 0
  • 0

Өмір жолы алда тұр,
Машина жол – ол да тұр.
Темір жолмен жарысқан,
Жалғыз аяқ жол жатыр.

Толық

Жұмыс

  • 0
  • 0

Терді төкпей ата жолы ақталмас,
Еңбек! Еңбек! Өмір отын жақты алғаш.
Шаршаудың да тірлік үшін мәні үлкен,
Жұмыс! Жұмыс! Сенен артық бақ болмас!

Толық

Қарап көріңіз