Өлең, жыр, ақындар

Тағдыр жоқ

  • 30.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1000
Қызықтап аз ғұмырды көрдік елес,
Тағдыр жоқ ат арымас, ер жүдемес.
Жалғыз-ақ жүрген сайын қылаң ұрған,
Уақыттың сақал-шашы селдіремес.
Дидары думандатқан әз ортаны,
Адамның жаны тозбас, тозар тәні.
Ауласы қоқыстанса дүниенің,
Алласы мезгіл-мезгіл тазартады.
Өзгермей өмір салты сол баяғы,
Жапырақ жылда көктеп, сарғаяды.
Көн қатса қалыбына қайта барып,
Тәңірге пенде байғұс қол жаяды.
Бірақ та бара бермес ол да ұзаққа,
Түскенше адам әлек жан тұзаққа.
Жалғаннан жортып өтер бір жолаушы,
Ер салып үміт деген жалғыз атқа...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көңілдің түрлі қыры бар

  • 0
  • 0

Әлемнің түсті гүлі бар,
Әркімнің ішкі жыры бар.
Жүректің сыры сан алуан,
Тірліктің сыры қыруар.

Толық

Бір танысқа

  • 0
  • 0

Шыныменен сен мені білесің бе, ей?!
Білетіндей
Көлгірсіп күлесің ғой.
Менің жаным – ақ таудың ақ бұлағы,

Толық

Мінәжат

  • 0
  • 0

Күңгірт тартқан көңілімді жарқыратшы, періштем,
Таңның алтын шапағындай тазарайын мен іштен.
Қайғырмайын, сараң тұрмыс қақсын мейлі шөміштен,
Қай мұратқа жеткізеді ессіз тойып, жеп-ішкен?

Толық

Қарап көріңіз