Өлең, жыр, ақындар

Әттең, шолақ дүние-­ай!

  • 30.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1084
Әттең, шолақ дүние­-ай, құйрық-жалын күзеген,
Жүзге жасым жетер ме, жазсам саған жүз өлең?
Мүйіздейді күнде кеп қабырғасын қорамның,
Қатер деген бір дойыр қара бұқа сүзеген.
Әукесімен жер сүзіп арам қатқыр қарасан,
Күндіз-түні жатқаны бұрқылдатып қара шаң.
Азынаймын борандай амал таппай мынаған,
Алды­артымнан құлаған қатарымды санасам.
Шыққан күн мен туған ай көктен жерге телмірген,
Жаратқанның мөріндей тірлігіңе сендірген.
Көргенменен қыршынның шырақ оты сөнгенін,
Шыбын жаны қай жақта шырқырап жүр – мен білмен.
Жасым жүзге ұзармас жазғанменен өлең­-жыр,
Қара бұқа мүйізін сындыра алмай келем бір.
Медет күткен өлеңнен мені сен де мүсірке,
Нұрдай шалқып рухың, рахатқа бөленгір...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір жұмбақ балықшы бар

  • 0
  • 0

Тіріге жайған торы көрінбейтін,
Бір жұмбақ балықшы бар өлім дейтін.
Өлуге жаралған соң өкінбейсің,
Көр қазып, жұртың болса кебіндейтін.

Толық

Қос жұлдызым

  • 0
  • 0

Сұм тағдыр, кімді жарға құлатпадың,
Кімдерді еңіретіп жылатпадың?
Жүгірген көз алдымда құлдыраңдап,
Құлыным, қайда барып тұрақтадың?

Толық

Бұлттар көшіп барады

  • 0
  • 0

Шуақ іздеп шығып ем,
Құрсанды күн.
Бұлттар көшіп барады мың сан бүгін.
Жетер ме екем

Толық

Қарап көріңіз