Жортқан киік секілді – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Жортқан киік секілді» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.09.2021
  • 0
  • 0
  • 757
Қараймын да тірліктің сүреңіне,
Ер саламын көңілдің күреңіне.
Жортқан киік секілді пенде, шіркін,
Көреді екен бәрін де жүре­-жүре.
Иек артқан таулардың сілеміне,
Батқан күннің үңілдім реңіне.
Атқан таңның нұрына кеуде тостым,
Тамар ма деп бір тамшы жүрегіме.
Жігіт ем ғой от бүркіп, шоқ шайнаған,
Әлсін­-әлсін неге осы тоқтай қалам?
Жүрегімді зақымдап кетті ме екен,
Ыстық қаным ызадан көп қайнаған?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жортқан киік секілді өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Жортқан киік секілді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жортқан киік секілді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жортқан киік секілді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері