Ұлыма – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ұлыма» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.09.2021
  • 0
  • 0
  • 2279
От баспа, оң­-солыңды байқа, балам,
Толып жүр айналаңда сайтан адам.
Бағасын балапанның біле бермес,
Ұяда жұмыртқасын шайқамаған.
Безбүйрек бүлк етпейді дәті берік,
Қалсаң да орта жолда атың өліп.
Сыпайы сырттарынан көрінгенмен,
Бір-бір ит іштерінде жатыр өліп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері