Өлең, жыр, ақындар

Наурыз суреттері

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 817
Бiр-бiрiмен табысып
ойдым-ойдым мұз-қарда,
жатыр ендi алысып
шуақ пенен ызғар да!
Нұры сiңiп етiңе
шымырласа күншуақ,
көлеңке жақ бетiңнен
қайта-қайта шымшылап!
Әлденеге кiртиiп
ауыр ағар бұлағың.
Бара жатыр iлмиiп
жiңiшкерiп жуаның.
Демiккен бiр тыныспен
бар айнала үздiгiп,
дiр-дiр етiп жiңiшкең
кеткелi тұр үзiлiп.
Талып бiр үн жетедi
тыңдап, қане, құлақ түр —
сiреу қардың етегi
ебiл-дебiл жылап тұр.
Дөңес бiткен бүкшиiп
әлдененi тұр аңсап.
Қөлеңке жақ түксиiп
сәуле сүзер шуақ жақ!
Аппақ сәуле, от-сепкен
дүниенi қуандыр,—
дегенiңше әп-сәтте
мұнар басар буалдыр.
Сол бiр көктен мұнартқан
сығалайды күн шығып,
жердi түртiп шуақта
қылтияды тiршiлiк.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жатайын

  • 0
  • 0

Былай жүрсем —
Қаптаған
Алдау мен арбау.
Олай жүрсем —

Толық

Өтініш

  • 0
  • 0

Қозғама менi, қарағым!
Менi қозғасаң
Мұз сөгiлiп
Сең қозғалады.

Толық

Мен атылған күн

  • 0
  • 0

Менi сөзбен атып кеттi бiр адам.
Ұшып түстiм.
Ендi қалай тұра алам.
Қадалған кеп оқ сияқты сол сөзден

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар