Сенің алтын жібіңмен – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Сенің алтын жібіңмен» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 658
Бұлдыраған нәзік сәуле, арасынан мұнардың,
Көк пен жерді жалғап тұрған құдіретіңе құмармын.
Көз жұмғанша шұрық­тесік көңілімнің жыртығын
Сенің алтын жібіңменен жамайтұғын шығармын.
Сен болмасаң, аспанымды соқыр тұман тұмшалар,
Жарқыраған Ай мен Күннің қабағын да мұң шалар.
Тас түнектің түкпірінде тастай қатып жатсам да,
Медетіңді күтемін тек, менде қандай мұрша бар?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері