Қоян мен қарсақ – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қоян мен қарсақ» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2192
Қоян қырда жүріп жатты,
Тыныш өмір сүріп жатты.
Бір күндері Қарсақ келді,
Бар дауыспен жар сан келді:
«Мен тұрғанда кімсің?» – деді
«Мұнда неғып жүрсің?» – деді.
Содан көпке кешікпеді,
Күндей қылып есіктегі,
Қонысынан айдап шықты,
Өзіне орын сайлап шықты.
Қоян байғұс қаңғып кетті,
Басы айналып мәңгіп кетті.
Шындығына келгенде,
Әділ заң жоқ елдерде
Бір-біріне адам да
Өститіні жаман да.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері