Тордағы жолбарыс – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тордағы жолбарыс» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2142
Демалыс бір күн еді,
Зоопаркте ел жүр еді.
Жас баланың кенеттен
Кетті өзгеріп түр-өңі.
Бойында ашу, долданыс,
Жұлқынып тұр Жолбарыс.
Босай қалса тордан ол,
Етпес сірә оңған іс.
Баланы әке жұбатты:
– Болғанымен куатты
Мұндағы бар хайуан
Қанатсыз құс сияқты.
Тұрған аңнан қорықта
Ешқашан да қорықпа.
Торға түскен Жолбарыс
Мысық құрлы болып па?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері