Бұл бетте «Тоқылдақ пен тоты» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тоғайда Тоты болды,
Көзінің оты болды.
Құлпырған жүні болды,
Әуезді үні болды.
Сыланды, таранды,
Паңдана қаранды.
Деп ойлады:
«Тоғайдағы
Құстардың әсемімін,
Ерекше әсем үнім.
Тоғайға сән беремін,
Маңайға ән беремін».
Бір күні Тоқылдаққа
Деді ол:
– Тоқылдатпа!
Миымды ашытпа,
Бұл жерден қашықта!
Тоқылдақ:
– Құп! – деді, –
Тек мынаны ұқ, – деді, –
Менсіз тоғай не болмақ?
Маңай не болмақ?
Құрт қаптап кіріп кетпей ме?
Ағаштар шіріп кетпей ме
Тоғайсыз сәнің қайда?
Әнің қайда?
Соны ойлап, мен байғұсқа
Күн-түні дамыл қайда?
* * *
Өзге еңбегін ұқпаған
Шыңға шырқап шықпаған.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі