Қарлы жаңбыр алағай да бұлағай
Бұл бетте «Қарлы жаңбыр алағай да бұлағай» атты Қадыр Мырза Әли жазған табиғат туралы өлең берілген.
Қарлы жаңбыр алағай да бұлағай,
Сол жаңбырдан тұрған кезде құламай.
Жарқ-жұрқ еткен шалғысымен шабыттың
Жыр егінін орып алды ұлы Абай.
Басқарғандай жауынгер сөз жасағын,
Неге мәз боп,
Неге сонша асамын?!
Ұлы атамыз орып алған егіннің
Жинап жүріп қалған-құтқан масағын!
Қай кезде де аға ініге ес дейді,
Ол жолыңды кесейін деп кеспейді...
Біз масақ та қалдырмадық,
Жас буын
Торғай болып дән тере ме,
Не істейді?!
Жыр жолымен жүріп едім мен кеше,
Масақ қайда!
Сайрап жатыр жол-көше.
Келер ақын,
Бізден түк те қалмайды,
Абай болмай амалың жоқ, ендеше!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі