Өлең, жыр, ақындар

Ойлар да көктен самсайсың

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 826
Ойлар да көктен самсайсың,
Бостандық тілеп аңсайсың.
Шаршатады бұл өмір,
Әйеліңнен де шаршайсың.
Бәрін де іштей бүлінтіп,
Сырларға терең үңілтіп.
Түңілтеді бұл өмір,
Өзіңнен де түңілтіп.
Жұлдыздар көктен самсайсың,
Жетсем деп айға аңсайсың.
Әйел әйел болғасын,
Сұлудан да шаршайсың.
Әйелдің жаны, өзі нұр,
Жетеді жігер төзімі.
Шаршатпайды өмірде,
Әйелдің ыстық сезімі.
Толқын да аунап құшады,
Құстар да биік ұшады.
Өмірдің үлкен жұмағы –
Әйелдің ыстық құшағы!
Бәрі көркем сәндіге,
Қайраты мол әлдіге.
Құшағынан әйелдің,
Тұншығасың мәңгіге.
Олай да бұлай ағылыс,
Қашып шықсаң – сағыныш.
Айналып ыстық ұядан,
Ұшып шықты тағы құс!..
Бәріне енді жан сауға,
Жаралған әйел аңсауға.
Тартылыс жердің күшіндей,
Беттейсің қайта шаршауға!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір ел бар...

  • 0
  • 0

Бір ел бар сондай ертегі,
Жер жаһанда жүр үні.
Белгісіз жұмбақ ертеңі,
Бақытты бірақ бүгіні.

Толық

Құла айғыр

  • 0
  • 0

Бақ сыйлап маған Құдай бір,
Алай бір шаптым, былай бір.
Мінгенім менің асау ой,
Сымбаты сұлу құла айғыр!

Толық

Тығын

  • 0
  • 0

Қарлы жолды қоймады омбылатып,
Алдыңнан өмір нұрлы жол құлатып.
Иығыңа қол емес қанат бітті,
Қыран құс — маңдайыңа қонды бақыт.

Толық

Қарап көріңіз