Арманды өкініш жыры – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Арманды өкініш жыры» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 622
Жаңа сойылған еттей боп
Қып-қызыл күннiң
Батқанын көргенде;
Көктегi жұлдыздардың
Менiң көз жасымдай боп
Аққанын көргенде;
Ұлы даламның
Абайдың жүрегiндей
Қырық жамау боп
Жатқанын көргенде, –
Менi өкiнiш
Жайлап алады.
Өрмекшiнiң торындай
Торларымен шырмап
Байлап алады.
Күнi кеше ғана
Кез-келген бiреулер кеп
Майсамды майқандап,
Жасылымды жайпап
Кешiп кеттi ғой;
Асылымды былғап,
Түңлiк пен белдеуiмдi
Кесiп кеттi ғой.
Сол сiлiмтiктермен
Күресе-күресе
Ата-бабаларым
Шаршап-шалдығып қалғанда;
Атандай дауысы
Көтерем жарбай даусындай
Барлығып қалғанда, –
Жоныңнан талай сипаған,
Жоталарым-ау,
Соларды неге? –
Үстерiңнен! –
Сiлкiп тастамадыңдар!
Дауылдарым-ау,
Соларды неге! –
Сүртiп тастамадыңдар!
Көлдер мен теңiздерiм-ау, –
Толқындарыңмен! –
Соларды неге
Кеуделерiнен теппедiңдер,
Тепкенге де көнбесе
Төбесiнен құйылып
Сарқырап төкпедiңдер.
Жел тұрса
Шудалары желпiлдеп
Желе жөнелетiн,
Ормандарым-ау,
Неге өре тұрмадыңдар! –
Бiз есiмiздi жиғанша –
Жолдарын кесiп! –
Сiңiр-сiңiр бiлектерiңдi
Неге кере тұрмадыңдар!
Найзағайларым-ау,
Көкте ойнақтағанша
Таулардың сауырына
Неге қайралмадыңдар;
Аспаннан төгiлген,
Нөсерлерiм-ау,
Мың-миллион сызық боп –
Ешкiмдi өткiзбейтiн! –
Болат сымдарға
Неге айналмадыңдар!
Кейде осылай
Армандап өкiнем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арманды өкініш жыры өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Арманды өкініш жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арманды өкініш жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арманды өкініш жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері