Қарғаның кеңесі – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қарғаның кеңесі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1601
Кандидат Қарға
Қонып ап талға,
Қырғиға ақыл айтты,
Ақылын батыл айтты:
– Іні екенсің екпінді,
Бірақ, самғап ұшқанда,
Шүйілгенде дұшпанға,
Таныт нағыз тепкіңді.
Торғай қуып не етесің?
Қасқырдың түс соңынан.
Бүрсең де тау текесін,
Келеді ғой қолыңнан.
Қырғи айтты:
– Қарға аға,
Өйтіп босқа сарнама.
Алғанмын мен дәрісті
Профессор Қыраннан.
Үйретіп ол әр істі,
Білімді етіп шығарған:
«Мерт боларсың қапыда,
Тізгін берсең құлқынға.
Күшің жетпес затыңа, –
Деген еді, – ұмтылма».
Қуарып Қарға кескіні,
Бұл сөзден соң өшті үні.
* * *
Танып алмай маңайды,
Кейбіреулер тәкаббарсып қарайды,
Басқаларды білімсіз деп санайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарғаның кеңесі өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қарғаның кеңесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарғаның кеңесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарғаның кеңесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері