Әркімнің есебі бар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Әркімнің есебі бар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1725
Бұл күнде әркім ойлап бас пайдасын,
Тегіннен тегін, сірә, аспайды асын.
Бір ісі түсе қалса, күле тұрып,
Құшағын қуанышпен ашпайды, ә, шын.
Әркімнің өзінше бір есебі бар,
Өскенді көре алмайтын өсегі бар.
Алдыңда айламенен қырқ құбылып,
Артынан атып қалар кесегі бар.
Біреуден біреу бүгін ассам деп жүр,
Көзге ұрып байлығыммен тассам деп жүр.
Аңдасаң, ақыл арзан, қызмет қымбат,
Біреудің жылы орнын бассам деп жүр.
Біреуді біреу аңдып, тымырайған,
Қайтпайды пайдасы үшін кім райдан?
Айтқан сөз, берген уағда босқа қалып,
Құдаң да қиыс кетіп, қыңырайған.
Бір билік болмаса егер уысыңда,
Сытылып сырт айналар туысың да.
Деп жүрген өзегімді жарып берем,
Көп достар көз алдыңда суысуда.
Дос дейтін жігіттің шын досы бар ма?
Бөлуге, болмаса жоқ қосыларға.
Көзіңді ала бере көз қысады
Жарыңа жаныңдағы,
Осы да ар ма?
Жиен мен жігі ашылған нағашының,
Арадан ұшып өткен ала шыбын.
Жалғанда жанымды ұғар жан қалмады,
Жалғыз-ақ жырларым боп бар асылым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әркімнің есебі бар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Әркімнің есебі бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әркімнің есебі бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әркімнің есебі бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері