Шіркін мына бұлақты-ай бүлкілдеген – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Шіркін мына бұлақты-ай бүлкілдеген» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1037
Шіркін мына бұлақты-ай бүлкілдеген,
Балалығым қап қойған күлкімменен.
Содан кейін қаңғыдым, елден жырақ,
Қасқырыңмен серік боп, түлкіңменен.
Айнала аққан ауылым сыртыңменен,
Бар екен-ау сол бастау бүлкілдеген.
Ессіз күнді есіме тағы салды-ау,
Табыстырып мені ескі жұртымменен.
Білгің келсе қысылма сұра менен,
Тулай ақты қанымда жылап өлең.
Анау үйде жалғаннан анам өтіп,
Тартып алған күлкімді мына белең.
Ана алаң ғой, сыр айтар асығымнан,
Мына жол ғой айырған ғашығымнан.
Баяғыда қап қойған осы ауылда,
Балалық шақ уақыттан жасырынған.
Өткен күндер жүректе, санамда тұр,
Қаралы бір күн келер маған да ақыр.
Мына сайда қап қойған балалығым,
Анау қырда аяулы анам жатыр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шіркін мына бұлақты-ай бүлкілдеген өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Шіркін мына бұлақты-ай бүлкілдеген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шіркін мына бұлақты-ай бүлкілдеген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шіркін мына бұлақты-ай бүлкілдеген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері