Ауырады жүрек – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ауырады жүрек» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1988
Ауырады жүрек болған соң жүрек,
Кеудеге келіп қонған соң жүрек.
Ақылды қанша болса да адам,
Жүрексіз қалса, соншама надан.
Басында миы жатса да лаулап,
Жүрегі өзін патшаға балап,
Жоғары ұстап білгенін дара,
Аялап құшпақ сүйгенін ғана.
Сол үшін жанып, сол үшін жүдеп,
Жиілей түсер соғысы үдеп.
Жаралған пенде болса егер ақын,
Жүрегі оған соншама жақын.
Өлеңнің әрбір тармағы үшін,
Дірілдеп жүрек, салады күшін.
Ұйқыға, тіпті, батса да ақын,
Түсінде де ол патшадан басым.
Қабына симай, жүрегі қысып,
Періште болып, жүреді ұшып.
Түссе де жерге, ақындар мықты,
Жүрегі тулап, лапылдар тіпті.
Оларда жүрек өзгеден бөлек,
Өзгелер ұғып, сезбеген дерек
Жүрекке жетіп, құт болып түсер,
Турасын айтсақ, жүк болып түсер.
Жанына ақын қарасаң барлап,
Жүрекке түсер орасан салмақ.
Сондықтан, тынбай ауырады жүрек,
Мазаны бір сәт сағынады жүрек,
Бәрібір, мәңгі ауырады жүрек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауырады жүрек өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ауырады жүрек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауырады жүрек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауырады жүрек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері