Керек

Бұл бетте «Керек» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2111
Балаға ана керек,
Анаға бала керек.
Қорғайтын екеуін де
Отаны – пана керек.
Батырға берен керек,
Ақынға өлең керек.
Екеуі біріккенде,
Ел күші кемелденбек.
Үлкенге иман керек,
Кішіге иба керек.
Адамдар бірін-бірі
Құрметтеп, сыйлау керек.
Жастарға білім керек,
Бәрін де білу керек.
Азамат болсаң алғыр,
Анашың: «Күнім!» – демек.
Үйіңе түндік керек,
Биіңе шындық керек.
Адамды алға бастар
Таусылмас тірлік керек.
Сол үшін талмау керек,
Биікке самғау керек.
Бойыңда бар жақсыны
Халқыңа арнау керек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Керек өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Керек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Керек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Керек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері