Ақтөбе - сүйікті қалам! – Kamila0704

Бұл бетте «Ақтөбе - сүйікті қалам!» атты Kamila0704 жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Туған жерім ,думанды елім Ақтөбем!
Егіз жүрген, берекемен бақпенен.
Туған жерім- ыстық мекен болған соң,
Басқа қала басқа ауылды жат көрем.

Өз Отаным,өз ауылым,өз қалам,
Бәрі –бәрі маған қолын бұлғаған.
Өспесемде ортасында қаланың,
Ару қалам Ақтөбеме жыр жазам.

Алып жатыр батыс жақтың қойнауын,
Сал- дәстүрін бәрін білем тойлауын.
Ортасында тұрмасамда қаланың,
Жақын ауыл,жақын жерде жолдамын.

Ұланымын Ақжар атты ауылдың,
Астында өскен жауынымен дауылдың.
Ортақ аспан,ортақ ауа,ортақ көл,
Сол батыстың төңірегінен табылдым.

Қандай еді ауасымен даласы,
Туған өлкем , ешкімнің жоқ таласы.
Соған берген сұқтанардай сұлулық,
Ақтөбем бұл қандай көркем қарашы.

Қалам менің 150-ге келіпті
Берген қалам сұлулыққа ерікті.
Жыр жазамын жеткізе алсам жүректен
Ару қалам Ақтөбем деп көрікті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақтөбе - сүйікті қалам! өлеңінің авторы кім?

Kamila0704 — осы өлеңнің авторы.

Ақтөбе - сүйікті қалам! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақтөбе - сүйікті қалам! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Kamila0704 өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақтөбе - сүйікті қалам! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар