Қос сұңқар

Бұл бетте «Қос сұңқар» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 938
Жағасында Азаудың
Көгілдір дала көсілген,
Батыста батып алау күн,
Артынша құйын өсірген.
Осынау тағы далада
Отырды қыран тас тінтіп.
Қонды кеп жақын жағаға
Шаңқ ете қалып жас бүркіт.
"Көргеніңді айтшы, е, шырақ", -
Деді ол бұған бір қарап! "—
Түңіліп келдім дүниеден,
Қиянатшыл адамнан". "—
Жамандық еді ол не деген?" "—
Тас жүрек өңшең — арам жан.
Қыз ғашығын ұқпаған.
Сағыныш мұңын күлкі етіп.
Баланы әке жылытпаған
Баурына басып, ерке етіп.
Ермегі болған қыздардың
Шындықтан шыққан ыршып жас.
Табанында сұмдардың
Тапталған өңкей қыршын жас". "-
Бауырым айтшы, дегенмен
Не көрді көзің жалғаннан?
Түңіліп келдім дүниеңнен,
Опасыз өңкей жандардан.
Арам ой, арбау қошталып,
Жастарды көрдім бүлінген.
Ел жастары бүлінген.
Улы өмірін еске алып,
Қарттар белі бүгілген.
Адамдық, биік ар-намыс
Қасиетін кеткен аңғармай.
Қыз қылығы алдамыш
Жүрекке сұққан қанжардай".


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қос сұңқар өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Қос сұңқар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қос сұңқар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қос сұңқар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар