Жауап – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Жауап» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 1023
Кімде-кім тартып азапты,
Жасытса жастық жігерін,
Қорқыныш, үміт ләззаты
Тебірентпес оның жүрегін.
Түкпірін сүйер жалғанның,
Тамбайды қайтып көз жасы.
Жеміссіз, бос арманның
Азығы болмас жолдасы.
Айрылған барлық сезімнен,
Жай түскен бейне бір томар,
Қалмаған еш із өмірден,
Жанар да сөнер, күл болар.
Нәр алмас бұтақ енді онан, -
Таңбасын тағдыр басты оған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жауап өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Жауап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жауап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жауап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері