Сарыбел жазы – Сәдуақас Томашинов

Бұл бетте «Сарыбел жазы» атты Сәдуақас Томашинов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сарыбел жазы жайлы, қысы қарлы,
Есілі ерке өзен биік жарлы.
Тоғыз жол торабында құтты мекен,
Ұл-қызы жеріне сай мейірманды.

Қайырмасы:
Сарыбел жарқын жамалың,
Ажарын ашқан даланың.
Нияздың тауы сендегі,
Қазаққа қорған қамалың.
Әр тасы мирас,
Ұрпағы қимас,
Көзіндей батыр бабаның.
Кетпейді естен,
Есілден ескен,
Жұпар жел, салқын самалың.

«Арқада Абылай аспас Сарыбелім»,
Аталмай атың ұмыт қалып едің.
Таңымен тәуелсіздік тарих түлеп,
Табысып қуанады қалың елің.

Қайырмасы

Сарыбел сайын далаң сары бидай,
Ырысың асып-тасып жатыр сыймай.
Елу ұлт етегіңде бауыр басқан,
Сағынған алыс кетсе сені қимай.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сарыбел жазы өлеңінің авторы кім?

Сәдуақас Томашинов — осы өлеңнің авторы.

Сарыбел жазы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сарыбел жазы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәдуақас Томашинов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сарыбел жазы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері