Нұра алтын мекенім – Сәдуақас Томашинов

Бұл бетте «Нұра алтын мекенім» атты Сәдуақас Томашинов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бұрымдай арқадағы түскен белге,
Көсілген көл-дария құт боп елге.
Сағымдай сары алтын дән алқабында,
Нұраның шуақ болды нұры жерге.

Нұра менің берекем,
Нұра менің мерекем.
Тәлім берген тербеген,
Ақ бесігім сен екен.

Есілдің егізіндей қатар ағып,
Болғанда алты алашқа ашық қанық.
Ұядан шыңға шыққан ұландары
Паш етіп қадіріңнің асары анық.

Нұра менің мақтаным,
Алғаш атқан ақ таңым.
Сенде өткен бал дәурен,
Ең бақытты шақтарым.

Болған жан біздің елде, Нұра жақта,
Тамсанып талай жылдар жүрер мақтап.
Шолпыдай қасиетін Қараталдың,
Тұрғандай тұлымында сәнін сақтап.

Нұра алтын мекенім,
Аңсап саған жететін.
Қойның толы қазына
Ырыс толы етегің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нұра алтын мекенім өлеңінің авторы кім?

Сәдуақас Томашинов — осы өлеңнің авторы.

Нұра алтын мекенім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нұра алтын мекенім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәдуақас Томашинов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нұра алтын мекенім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері