Мен соғыстың қара түнек, кескінін –
Айтуар Өтегенов
Бұл бетте «Мен соғыстың қара түнек, кескінін» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен соғыстың қара түнек, кескінін,
Есейген соң, тек әкемнен естідім.
Винтовкасын кезеніп жас жауынгер,
Оқ пен оттың арасында кешті күн.
Мен соғыстың қара түнек, кескінін,
Есейген соң, тек анамнан естідім.
Ауылдағы жарын күткен жас қыздың.
Кек аралас жанарынан есті мұң.
Балада да, анада да бір тілек,
Жүріпті олар, жеңіс тілеп, нұр тілеп.
Мен бірінде көргенім жоқ солардың,
Өсіп келем бейбіт күнмен бір түлеп.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі