Сұраймын

Бұл бетте «Сұраймын» атты Айжан Табаракқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Аспан бүгiн қабағын ашпады бiр.
Сiз жайлы ойдың қоса алмай бастарын кiл,
Кештi тағы батырдым... Жаңбырдан соң
Жанарынан шықты ысырып тастады гүл.
Парақтап көңiлiммен күнтiзбенi,
Отырмын...
Түн түсiнер үнсiз менi.
Бiз жаққа Көктем келдi немкеттiлеу –
Сiз жақтан сезiледi Күздiң демi.
Бiр салқындық бет бұрды бiзге демек,
Жүрегiм сыбырлайды үндеме деп.
Жанарыма қарашы осы сəтте,
Айту керек болса егер бiрдеңе деп.
Сеземiн ғой бəрiн де, бiлем, бiлем,
Сонда да күндерiм жоқ күдер үзген.
Өзге жанды ұнатып қалмаса екен,
Кеше менi ұнатқан жүрегiмен...


Пікірлер (1)

СЫБАН Әдемі

Өте керемет өлең

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұраймын өлеңінің авторы кім?

Айжан Табаракқызы — осы өлеңнің авторы.

Сұраймын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұраймын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айжан Табаракқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұраймын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері