Аяқдоп – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Аяқдоп» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1084
Осы күні баспен ойлайтындардан аяқпен ойнайтындардың бағы басым. (Сәкен Жүнісов)

Ойыншылар алаңда доп қуатын,
Жұмсайды екен аянбай көп қуатын.
Жүзеге аспай жатса егер ойлағаны,
Тілеуқордың үмітін жоқ қылатын.

Жаттықтырған кісі де таң қалысқан,
Жасыл алаң доп үшін арпалысқан.
Қақпашының қалмайды зәре-құты,
Шыға келсе шабуылшы қалтарыстан.

Отырғанда сәт тілеп жақтасына,
Жанкүйердей күйгелек жоқ па, сірә?!
Ыза болса кейбірі қорғаушыға,
Ренжиді біреуі қақпашыға.

Жаздың күні болғандай қыстың күні,
Төрешінің естілсе ысқырығы.
Айып добын белгілеп, гол соғылса,
Айтады екен жыр қылып үш күн мұны.

Аяқтардың алаңда табы қалған,
Бұл дырдуды көп шығар сағынар жан.
Ойлайтындар баспенен қағажу қап,
Аяғы бар жандардың бағы жанған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аяқдоп өлеңінің авторы кім?

Ақылбек Шаяхмет — осы өлеңнің авторы.

Аяқдоп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аяқдоп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақылбек Шаяхмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аяқдоп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері