Ашаршылық жылдар суреттері – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Ашаршылық жылдар суреттері» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1326
Ашаршылық
Алдымен талғап жұтты.
Соңынан
түк қалдырмай
Жалмап жұтты.
Жұтты,
Жұтты,
Жұтты!
Құртты!
Ақылдасатын
Дана қалдырмады.
Құшақтасатын
Бала қалдырмады.
Алатау мен Арқаның,
Алтай мен
Атыраудың арасы
Қынадай қырылды,
Шалғындай жапырылып,
Шөптей жұлынды.
Жад пен ойымда
Қайғы мен қасiрет
Желдай ағылысты.
Ертiс пен Жайық,
Есiл мен Ойылда
Iсiнген өлiктер
Сеңдей соғылысты.
Құзғындар
Қара бұлттай қаптады.
Атқан күн батпады,
батқан күн атпады.
Бiздiң жерiмiздегiдей
Еш жерде
Құзғындар
Көп болған емес.
Бiздiң жерiмiздегiдей
Еш жерде
Құзғындар
Тоқ болған емес.
Шашылып жатты
Шоқыған, жегенi...
Содан ба елiмде
Құзғындар көп әлi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ашаршылық жылдар суреттері өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ашаршылық жылдар суреттері өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ашаршылық жылдар суреттері өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ашаршылық жылдар суреттері өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері