Төзім – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Төзім» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 923
Уақыт-ай,
Менен қаншама рет! –
Сырт айналып бездiң.
Темiр екенмiн!
Төздiм.
Дүниенi жапырып
Дауыл соққан заманға да –
Құздай қымтанып
Төздiм.
Қабағынан қар жауып,
Кiрпiгiне
Мұз қатқан заманға да –
Мұздай құрсанып
Төздiм.
Арыстарым
Малша тоғытылып
Қамалған заманға да –
Төздiм.
Сәбидiң шашы,
Кәрiнiң көзi
Ағарған заманға да –
Төздiм.
Ақырып сөйлеген,
Бақырып қайырған
Ақи көз заманға да –
Төздiм.
Төбемдi ойып,
Желкемдi қиған
Қатыгез заманға да
Төздiм.
Төзiп жүрiп
Теңдiкке жеттiм.
Төзiп жүрiп
Елдiкке жеттiм.
Шiркiн-ай,
Бұдан былай –
Зарлай бермей! –
Шердi қойсам ғой.
Алатаудың бiр шыңын
Даламның ортасына апарып –
Төзiмiме! –
Белгi қойсам ғой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төзім өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Төзім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төзім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төзім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері