Көздің жасы – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Көздің жасы» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 2660
Көздің жасы қайғы-мұңды жуады,
Көздің жасы іштің дертін қуады.
Көздің жасы жанарыңнан мөлтілдеп,
Қамыққанда, зарыққанда шығады.

Көздің жасы жүректегі қатқан шер,
Алты ай қыста қары қатып жатқан шер.
Көздің жасы тоңды жарып көк шөптей,
Мұзды ерітіп, асып-тасып, аққан сел.

Қыстың өзі келе жатқан жазға сын,
Көздің жасын сыйлап өтем өз басым,
Жауын – көктің, теңіз – жердің көз жасы,
Өлең-жырлар – іштен шыққан көз жасым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көздің жасы өлеңінің авторы кім?

Ақылбек Шаяхмет — осы өлеңнің авторы.

Көздің жасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көздің жасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақылбек Шаяхмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көздің жасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері