Сан дүбiрдi санамнан өшiргелi
Бұл бетте «Сан дүбiрдi санамнан өшiргелi» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сан дүбiрдi санамнан өшiргелi
Өтiп жатыр өмiрдiң көшi iлгерi...
Кəдуiлгi пенделiк пешенеммен
Қадiрiңдi кеш бiлсем, кешiр менi.
Көлпар едi көңiлiң мен дегенде,
Көзден ұштың... айналып шерлi өлеңге.
Тоқсан тоты торында сайраса да,
Мың-сан əуен бiр саған тең келер ме?!
Қолға қонған Гүлғызар құсым ең сен...
Тым болмаса қайтедi түсiме енсең?
Ақтық демiм шығарда, арманым жоқ,
Шербетiңдi у қосқан iшiп өлсем...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі