Қаншайымға – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қаншайымға» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 712
Қаншайымға
Махаббат деген майданның
Көзiндей көне көрiнген,
Шашыңнан, жаным, айналдым,
Төскейден төмен төгiлген!
Олай да жүршi, былай да,
Жай алсын көңiл Жəннаттан.
Мың да бiр алғыс Құдайға
Өзiңдей жанды жаратқан!
Көзiңдi салшы бiз жаққа,
Балқысын ерiп балша жан!
Жүрген бiр жерiң Ұжмақ та,
Отырған жерiң – Сəн салон!
Пəруана сынды Шайыр нақ,
Қайғыдан жаны қанжоса.
Көрген бiр көзде айып жоқ,
Жүректе сыздау болмаса...
Көрдiм де қандым көркiңе,
Құлдығым құрбан шашқа анау.
Ақынның өртi еркiнде,
Ақынның дертi басқалау...
Жарасын жанның жазайық,
Олай да былай жүрiп өт:
Сендей-ақ болсын ғажайып!
Сендей-ақ болсын құдiрет!!!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері