Жұлдызға
Бұл бетте «Жұлдызға» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жұлдызға
Нұрлы жанар, ай маңдай –
Жұлдыз құйған шəй қандай?!
Перiштенiң дəл өзi
Дастарқанын жайғандай!
Қаймақ қосқан, бал қосқан
Шəйға шөлiм қанбастан,
Қарай берем жүзiне
Қарашығым талмастан.
Көңiл шiркiн құлшынды,
Сезiм шiркiн күрсiндi...
Қан жүгiрген ақша бет
Қауыз ашқан гүл сынды,
Əппақ тiсi тiзiлген,
Кiрпiктерi сүзiлген.
Гүл өнетiн шығар-ау
Жүрiп өткен iзiнен!..
Ерiп кетер таңдайда
Ернi, бəлкiм, балдай ма?..
...Бұйырмай ма бiр жұлдыз
Мына бiздiң маңдайға?
Қапелiмде, қайран-ай,
Оны ұғатын жан қайда?..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі