Желтоқсан тағылымы – Мұхтар Шаханов

Бұл бетте «Желтоқсан тағылымы» атты Мұхтар Шаханов жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 27.03.2018
  • 0
  • 3
  • 39944
Әні автордікі

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, жас қайратым, жас өркені халқымның!

Қайырмасы:
Арманыңның атын,
Жігеріңнің отын
Өшіре алмас асау желі уақыттың.
Егер кім қанша
Уайымсыз болса,
Нақ сол адам құнын білмес бақыттың.

Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,
Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма,
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!


Пікірлер (3)

Дильназ

Желтоқсан тағылымы атты өлеңі маған өте қатты ұнайды мағынаға толы өлең

Айзере

Өлеңдер өте әдемі.Мен ертең Мұхтар Шахановтың жаттауларына шығаман

Айзере

Он алтыншы желтоқсанға сурет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Желтоқсан тағылымы өлеңінің авторы кім?

Мұхтар Шаханов — осы өлеңнің авторы.

Желтоқсан тағылымы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Желтоқсан тағылымы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тәуелсіздік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Желтоқсан тағылымы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері