Электр шамы – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Электр шамы» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1749
Қараңғыда жаңқаның жарығымен
Жазыпты-мыс Фирдоуси Әбулқасым,
Абайдың да,
Иісті жалынымен
Керосин ауыртыпты дейді басын.
Ал, мендік кабинетте, керек шақта
Люстра электрлі жанса жайнап,
Қасыма, әлдеқашан күнді батқан,
Ақ шаңқан сәулесімен келеді айдап.
Тілеген сағатымда күлімдеп күн,
Тәжім етіп тұрады қасыма кеп.
Маған сонда бітеді ерекше үн,
Жырлаймын, түннен даусымды асыра кеп.
Шабытыма келе ғап, ондай кезде
Алас ұрып кетеді қызып денем.
Электр қуатындай саулап сөз де,
Жарығындай жарқырап туады өлең.

1948


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері