SMS-экспромт
- 0
- 0
Сәулелі жарығы нұрдың,
Мұнарлы сағымы қырдың.
Көз тоймас көркіңді аңсап,
Мен сені сағынып жүрмін.
Бұл бетте «Шыда» атты Темірғалиев Ғабиден Нуреденұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сәулелі жарығы нұрдың,
Мұнарлы сағымы қырдың.
Көз тоймас көркіңді аңсап,
Мен сені сағынып жүрмін.
Кеудемнен қуатты үміт тұғыр алды,
Шаштың кеп шуақ қылып шұғылаңды.
Ғайыптан кезіктің де тарам-тарам
Бағыттан көрсеттің сен құбыламды.
Ермек болып күн сайын ғаламтор тек,
Қалғандай қайран досым – қалам қор боп...
Серігімді қайтадан қолыма алдым
Жыр бастар – бір бастаса саған жол де...
Айнам, маған үндемейтін жан дейсің,
Айтылмаған сырым саған бар кей, шын.
Жүректегі жазуларды жеткізер
Тіл мүдірсе, жыр кідірсе қайтерсің?
Маңғыстау – биік тұтқан үй-жалауын,
Бар бізде мейман күтер күй жоғары,
Толтырып төрін құттыханамыздың
Қош келдіңіз, көп күткен сый қонағы!
Дүнияуи ілімді біз анық деп жүрдік,
Мектептің оқулығынан қанық боп жүрдік.
Өлшемі қылып уақыттың кеңістіктегі
Ең жылдам құбылысты жарық деп білдік.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі