Өмір жайлы – Гульмира Килыбаева

Бұл бетте «Өмір жайлы» атты Гульмира Килыбаева жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 05.01.2018
  • 0
  • 0
  • 2659
Көз жетті бүгін осыған.
Өмір теңіз ғой тасыған.
Тасыған толқынмен алысып,
Тек қана алысқа асығам.

Шығарып тастаса жағаға
Сен қала бересің далада.
Тіршілік деген бұл айқас қой.
Алысқан надан да,дана да.

Қол созып арманға келеміз.
Нені алып,нені көп береміз.
Ол жағын есептеп жатпаймыз
Күйреп тек қалмасын кемеміз.

Қалады қай жерде дем бітіп.
Тұншығып,ауыздан су кетіп.
Оны да біз ойлап жатпаймыз
Көк теңіз тұрғанда тербетіп.

Жай ғана тербеліп осылай.
Көк теңіз тұра бер тасымай
Тең ұста əлемді,Жаратқан!
Жаманды жақсыдан асырмай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері