Түннің көзі – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Түннің көзі» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2455
Қала оттары әлдене деп жымыңдап,
Шегінеді терезеге үңілсем.
Жерге жұлдыз құлағандай -жыпырлап,
Түнді үнсіз бақылаймын -түңілсем.
Көріп тұрмын түннің көзін лағылдай,
Ізі жатыр-жеңіл басып кеткенмен.
Жанұшырып келгенінде жаңылмай,
Жақ аша алмай, күрсінумен шектелгем.
Жолаушысы жоқ көшеге құлақ түр.
Талдар мені түсінгендей - күлді үнсіз.
Шеткерірек өскен шетен сұрап тұр:
«Неге сондай мазасызсыз бүгін сіз?..»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері