Үзіліп кетті шектерің – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Үзіліп кетті шектерің» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2328
Үзіліп кетті шектерің,
Күңіреніп күйің төкпедің.
Өзіңе қарап өртендім
Жазбауға дәтім жоқ менің!
Жоқ менің бүгін дәрменім,
Ән бе едің өзің, әл ме едің?
Сопылық несін алған дер
Қадірін білмес сәлденің.
Жау жоқта біреу батыр ма,
Отырғызады ол тақырға.
Төзімім,сені түгесті,
Жүрегім бірақ, шатылма!
Шыдамас жерде шыдадым.
Тастамас мені мына мұң.
Өзгенің қайтем мейірін
Өзің барда да жыладым...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері