Бұл бетте «Түсінбей ме» атты Айсұлу Рүстемова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түсінбей ме
Мені тағы үнсіз көк?
Білсем деген
Құпияны бір сіз бе ед?
Жазу-жазу
Ақ қағаздай көнеріп,
Өледі екен
кісі деген кірсіз кеп.
Неге ұқсайды
Тірлігіңнің түр-өңі?
Ақын-сәби.
Сәбише өмір сүреді.
Сұлқ түсіп
Сұрап тұр ма араша?
Қиянаттан
Қан жоса ма жүрегі?
Жазғырмағын
Жасыл түсті тілсіз деп.
Қандай түске
Боялады Күнсіз көк?
Жалғыз хатта
Жарты әлемнің күші бар,
Ол келмесе
өлтіреді үнсіз көп...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі