Қамшы – Гүлжауһар Сейітжан

Бұл бетте «Қамшы» атты Гүлжауһар Сейітжан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2021
  • 0
  • 0
  • 889
Зіл жинаған бойына, сес сіміріп,
ессізді де келеді ол естіні ұрып.
Сөз үйірсе қамшыдай ана аузымен
екпінінен соның-ақ өстім ығып.
Қамшы, дүре дегенді жойып халық,
дойыр, дырау қаруын қойыпты алып.
Табы өшсе де арқадан, кей кездері ,
кетеді әлі қамшы-сөз сойып салып.
Зіл жинаған бойына, сес сімірген
қамшы айыбын қазағым кешті мүлдем.
Қамшы үйіріп қатынды сабайтұғын
қондырмайды қоңсы енді ескіні іргем.
Жатады енді тып-тыныш сөре бойлап,
қызу қанды шақтарын, көнені ойлап.
Сауырынан сәуріктің сыйпаса мәз,
жүретін шақ кетті алыс төбеде ойнап.
Үйіретін қасқырға аңшы-мерген,
қап-қара боп нақ тұрған тамшы термен
қызыл күрең тобылғы қайда қазір,
қара қайыс қатырып қамшыны өрген.
Намыс буса кек қалған зорлағаннан,
«кеуделері толған күй, толған арман
бабаларым қолынан тастамаған
бес қарудың бірі енді ол қолда қалған.
Қамшы... қамшы өткеннен сыр ұқтырған,
кетті ойды кейінге бұрып тұлғаң.
Сені көрсем әкешім түседі еске
тор жорғаның үстінде күліп тұрған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қамшы өлеңінің авторы кім?

Гүлжауһар Сейітжан — осы өлеңнің авторы.

Қамшы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қамшы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлжауһар Сейітжан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қамшы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері